Reuters хабарлауынша, ExxonMobil Қашаған кен орны бойынша экологиялық дауды реттеудің серіктестер ұсынған нұсқасына қарсы шықты.
Қазақстан NCOC консорциумына күкірт сақтау кезінде экологиялық талаптарды бұзуға байланысты талаптар қойып отыр. Даулы айыппұл сомасы шамамен 2,3 трлн теңгені ($5,22 млрд) құрайды.
Bloomberg мәліметінше, ExxonMobil ұстанымы консорциум қатысушыларының ымыраға келуін тежеп отыр. Дау өндіруді одан әрі кеңейту жөніндегі келіссөздерге де әсер етуде.